Top.Mail.Ru

Зектілері

Ауғанстанда әйелдерге қатысты жаңа шектеу енгізілді

Жарияланған күні:

Паранжа (сол жақта) және никаб (оң жақта) киген әйелдер
Паранжа (сол жақта) және никаб (оң жақта) киген әйелдер. Фото: AHMAD SAHEL ARMAN/Getty Images

Тәліптер көшбасшысының жарлығымен Ауғанстанда осы сенбіден бастап үйлердің терезелерін орналастыруға қатысты жаңа ереже енгізілді – терезеден көршінің үйіндегі әйел қауымы көрінбеуі керек. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы Tolo News арнасының мәліметінше, енді тұрғын үйлердің терезелерінен көршілес үйдің ас үйі, балалар бөлмесі немесе әйелдер болуы мүмкін басқа бөлмелер көрінбеуі керек. Егер жаңа үй салынатын болса, оның терезелері осы талаптарды ескеріп жобалануы қажет.

Қаулыда егер үйдің терезелері көрші үйдің бөлмелеріне қарайтын болса, үй иелері терезелерді қайта жабдықтауға немесе үйдің алдына қабырға тұрғызуға міндетті екені жазылған. Мұндай шаралар "көршілердің құқығына зиян келтірмеу" мақсатында енгізілген.

Ал егер үй салынған болса, қаулының екінші бөлігінде үйдің алдына қабырға тұрғызу немесе "көршіге зиян тигізбеу" үшін басқа амал қарастыру міндеттеледі. Жарлыққа тәліптер жетекшісі Хайбатулла Ахунзада қол қойды.

Жарлық осы сенбіден бастап өз күшіне енеді.

Еске салсақ, таяуда Ауғанстанда әйелдерге тек ерлермен ғана емес, әйелдермен де көпшілік алдында сөйлесуге тыйым салынды. Бұл тыйым жөнінде тәліптердің ізгілік министрі Халид Ханафи мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2206565-auganstanda-aielderge-qatysty-zhanga-shekteu-engizildi/