Джимми Картердің қайтыс болуына байланысты АҚШ-та қаралы күн жарияланды
Жарияланған күні:
АҚШ президенті Джо Байден бұрынғы президент Джимми Картердің қайтыс болуына байланысты елде 9 қаңтарды қаралы күн деп жариялады. Бұл туралы Ақ үйге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ақ үйдің сайтында жарияланған мәлімдемеде Байден Картерді ерекше мінезді, батыл әрі жанашыр адам ретінде сипаттайды.
"Президент Картер – құдай мен халқының кішіпейіл қызметшісі, бейбітшілік пен адам құқықтарының қорғаушысы. Ол ұлтымызды көтеріп, әлемімізді өзгерткен лайықты көшбасшы бола білді", - деді Байден.
Байден Картердің қарапайым фермер мен медбикенің отбасында дүниеге келгенін, әскери-теңіз академиясында курсант болғанын, кейін мемлекеттік қызметке араласқанын атап өтті.
Ол алдымен штат сенаторы, содан кейін Джорджияның губернаторы болып сайланды, ал 1977 жылы АҚШ президенті атанды.
Президент Картердің жетекшілігімен қазіргі заманғы АҚШ білім министрлігі мен энергетика министрлігі құрылды. Ол сондай-ақ ядролық қаруды таратпауды жақтады.
"Президент Картер өзінің ерекше моральдық көшбасшылығының арқасында мән мен мағаныға толы ғұмыр кешті. Президент Картердің жүріп өткен жолы бізді алға жетелейтін жарық болып қала берсін", - деп қосты Байден.
Сөз соңында ол АҚШ-та бұрынғы президент Джимми Картердің қайтыс болуына байланысты 9 қаңтарды аза тұту күні деп жарияланғанын хабарлады.
"Мен Америка халқын осы күні президент Джеймс Картердің рухына тағзым ету үшін өздерінің ғибадат орындарына жиналуға шақырамын және әлемнің түкпір-түкпірінен біздің қайғымызды бөліскісі келген адамдарды осы салтанатты шараға қатысуға шақырамын", - деді АҚШ көшбасшы қорытындылады.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер жексенбі, 29 желтоқсанда Джорджиядағы үйінде қайтыс болғанын жазған болатынбыз. Джимми Картер 100 жасында өмірден озды.
Джимми Картер шағын қалада дүниеге келген. Ол 1971 жылдан 1975 жылға дейін Джорджия губернаторы болды және 1977 жылдан 1981 жылға дейін АҚШ президенті қызметін атқарды.
БАҚ Картерді өз заманының "саяси сенсациясы" деп атады, ол билікте болған төрт жыл ішінде Ричард Никсонның отставкаға кетуіне әкелген Вьетнам соғысы мен Уотергейт жанжалынан кейін үкіметке деген сенімді қалпына келтіруге тырысқанын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2206619-dzhimmi-karterding-qaitys-boluyna-bailanysty-aqsh-ta-aza-tutu-zhariialandy/