Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей мен Украина әскери тұтқындармен алмасты

Жарияланған күні:

Сарбаз
Сарбаз. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 30 желтоқсанда Ресей мен Украина 150-ге 150 формуласы бойынша әскери тұтқындармен алмасты. Алмасу БАӘ-нің делдалдылығымен жүзеге асты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми Telegram-дағы арнасы келіссөздер үдерісінің нәтижесінде 150 ресейлік әскери қызметкердің қайтарылғанын хабарлады.

Оның орнына 150 әскери тұтқын Украина қарулы күштеріне ауыстырылды.

Тұтқыннан босатылған сарбаздар қазіргі уақытта Беларусь Республикасының аумағында, онда оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, жақындарымен байланысуға жағдай жасалды.

Кейін барлық әскери қызметкерлер Ресейге жеткізіліп, қорғаныс министрлігінің медициналық мекемелерінде емделіп, оңалтудан өтпек.

Ресей тарапы Біріккен Араб Әмірліктерінің осы алмасу үдерісінде көрсеткен гуманитарлық делдалдық күш-жігерін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде Украина президенті Владимир Зеленский өзінің Telegram-дағы арнасында 189 украиналық сарбаздың тұтқыннан босатылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, оралғандардың қатарында Азовсталь, Мариуполь, Чернобыль атом электр станциясы, және Жылан аралының қорғаушылары бар.

"Олардың арасында сарбаздар, сержанттар, офицерлер бар. Ұлттық гвардия сарбаздары, "азовтықтар", шекарашылар, аумақтық қорғаныс сарбаздары, теңіз және қарулы күштер сарбаздары оралды", - деп жазды ол.

РБК Мәскеу мен Киев әскери тұтқындардың да, қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерінің де алмасуы туралы үнемі хабарлап тұратынын еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2207027-resei-men-ukraina-askeri-tutqyndarmen-almasty/