"Әділдікті талап етеміз": Ильхам Әлиев Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қазіргі уақытта Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағының қара жәшіктерін ашу процесі жүріп жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Әзержайжан президентінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Ел президентінің баспасөз қызметі мәліметінше, 6 қаңтарда Ильхам Әлиев ұшақ апатында қаза тапқан экипаж мүшелерілерінің отбасымен, аман қалған стюардесса және бортсерікпен кездесті
"Жақын арада біз алдын ала нәтижені анықтайтынымызға сенімдімін болған қайғылы оқиғаның толық көрінісі белгілі болады.
Қылмыстық істің барлық материалын жария еткім келмейді, оның алдын ала тергеуі мен нәтижелері туралы маған хабарланды. Бірақ бұл апатқа Әзербайжан азаматтарының кінәсі Ресей Федерациясының өкілдерінде деп сеніммен айта аламын.
Біз әділдікті талап етеміз, сондай-ақ кінәлілерді жазалауды, толық ашықтық пен адамгершілікті талап етеміз", - деді Әлиев мәлімдемесінде.
Әзербайжан президенті "қара жәшіктерді" ашу процесі басталғанын атап өтті.
"Біздің талап етуіміз бойынша бұл процесс Бразилияда жүзеге асырылады. Мен бұл туралы 29 желтоқсанда телеарнаға берген сұқбатымда барлық ұсыныс пен табандылыққа қарамастан Мемлекетаралық авиация комитетінің "қара жәшіктерді" ашуына үзілді-кесілді қарсы екенімізді айттым.
Өйткені бұл жерде объективтілікке күмән болуы мүмкін. Сондықтан Әзербайжан, Қазақстан және Ресей өкілдерінің қатысуымен Бразилияда "қара жәшіктерді" талдау басталды, бұл туралы ақпарат таяу уақытта белгілі болады", - деді ол.
Еске салсақ, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады.
Қазақстан Көлік министрлігі алдын ала ақпаратқа сәйкес ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады.
Бортта 42 Әзербайжан, 16 РФ, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан азаматы болған.
Көп ұзамай Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта 38 адам қаза тапқаны белгілі болды. Өкінішке қарай, аман қалғандардың арасында қазақстандықтар жоқ екені хабарланды.
26 желтоқсанда Euronews генттігі Әзербайжан үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап, Ақтаудағы қайғылы оқиғаға Ресейдің Грозный үстінен ұшырылған зымыраны себеп болғаны туралы ақпарат жариялады.
Кейін Ресей авиациясының басшысы Дмитрий Ядров 25 желтоқсанда Embraer жолаушылар ұшағының Маңғыстауда апатқа ұшырауына қатысты мәлімдеме жасаған еді. Ол Қазақстанға құлаған жолаушы ұшағы Грозный әуежайына "Ковер" режиміне байланысты қона алмағанын, Шешенстан астанасы әуе кеңістігінде мұндай режим Украина шабуылына байланысты енгізілгенін мәлімдеді.
28 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, РФ әуе кеңістігінде болған қайғылы жағдай үшін кешірім сұрады. Сондай-ақ Ресей Тергеу комитеті осы жайт бойынша қылмыстық іс қозғағаны мәлім болды.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан телеарнасына берген сұхбатында Ақтау маңында AZAL ұшағының апатқа ұшырауының бірқатар себебін атады.
Сонымен қатар 30 желтоқсанда Қазақстан Ақтау маңында құлаған ұшақтың "қара жәшігін" Бразилияға жібергені белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2208761-adildik-talap-etemiz-ilham-aliev-aqtau-mangyndagy-ushaq-apatyna-qatysty-malimdeme-zhasady/