Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаудағы ұшақ апаты: Бразилия "қара жәшікті" талдауды аяқтады

Жарияланған күні:

Ұшақ құлаған орын
Ұшақ құлаған орын. Фото: ТЖМ

Бразилия Ақтау маңында апатқа ұшыраған "Azerbaijan Airlines" әуе компаниясы ұшағының екі қара жәшігін талдауды аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Талдау нәтижелері Қазақстанның авиациялық оқиғаларды тергеу департаментіне жіберілді.

Globo порталының мәліметінше, Бразилияда жүргізілген деректерді талдау нәтижелері апатқа қатысты қорытынды есепте жариялануы мүмкін.

"Бразилия әуе күштері Қазақстанда апатқа ұшыраған Embraer ұшағының екі қара жәшігін талдауды аяқтағанын хабарлады. Материалды Бразилиядан келген үш тергеуші, сондай-ақ Әзірбайжан мен Ресей өкілдері талдаған", - деп жазады басылым.

Gazeta.ru порталының хабарлауынша, ведомство барлық тиісті ақпаратты Қазақстан билігіне беріп үлгерген.

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады.

Қазақстан Көлік министрлігі алдын ала ақпаратқа сәйкес ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады.

Бортта 42 Әзербайжан, 16 РФ, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан азаматы болған.

Көп ұзамай Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта 38 адам қаза тапқаны белгілі болды. Өкінішке қарай, аман қалғандардың арасында қазақстандықтар жоқ екені хабарланды.

26 желтоқсанда Euronews генттігі Әзербайжан үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап, Ақтаудағы қайғылы оқиғаға Ресейдің Грозный үстінен ұшырылған зымыраны себеп болғаны туралы ақпарат жариялады.

Кейін Ресей авиациясының басшысы Дмитрий Ядров 25 желтоқсанда Embraer жолаушылар ұшағының Маңғыстауда апатқа ұшырауына қатысты мәлімдеме жасаған еді. Ол Қазақстанға құлаған жолаушы ұшағы Грозный әуежайына "Ковер" режиміне байланысты қона алмағанын, Шешенстан астанасы әуе кеңістігінде мұндай режим Украина шабуылына байланысты енгізілгенін мәлімдеді.

28 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, РФ әуе кеңістігінде болған қайғылы жағдай үшін кешірім сұрады. Сондай-ақ Ресей Тергеу комитеті осы жайт бойынша қылмыстық іс қозғағаны мәлім болды.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан телеарнасына берген сұхбатында Ақтау маңында AZAL ұшағының апатқа ұшырауының бірқатар себебін атады.

Сонымен қатар 30 желтоқсанда Қазақстан Ақтау маңында құлаған ұшақтың "қара жәшігін" Бразилияға жібергені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2208974-aqtaudagy-ushaq-apaty-braziliia-qara-zhashikti-taldap-boldy/