jitsu gif

Вашингтонда Трамптың инаугурациясы қалай өтті (видео)

Дональд Трамп. Фото
Дональд Трамп. Фото: Anna Moneymaker / Getty Images

Бүгін, 2025 жылғы 20 қаңтарда АҚШ-тың жаңа сайланған президенті ресми түрде қызметіне кіріседі. Салтанатты инаугурация Вашингтонда өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дональд Трамп бүгін АҚШ президенті ретінде қызметіне қайта кіріседі. Қатты суыққа байланысты инаугурация Капитолий ғимаратында өтті. Бұған дейін Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жақтастарына, қатысушыларға қауіп төндіргісі келмейтінін мәлімдеген еді. Ресми инаугурация ресми ант қабылдау, музыкалық концерт, мерекелік шеру және бірқатар ресми балдан тұрады.

Инаугурацияға Трамптың отбасы мүшелері, қызметінен кетіп жатқан Байден мен вице-президент Камала Харрис жұбайларымен келген.

Одан бөлек АҚШ-тың бұрынғы президенттері Барак Обама, Билл Клинтон, кіші Джордж Буш жұбайларымен келді. Шарада әйгілі Илон Маск та бой көрсетті. Сонымен бірге Трамп бірнеше елдің көшбасшыларын да салтанатты шараға шақырған.

Свежая публикация по теме:
Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-президенті атанды

Бүгінгі шарада Трамп пен оның жаңа сайланған вице-президенті Джей Ди Вэнс ант қабылдайды. Артынша Трамп көпшілік алдында сөз сөйлейді. Бағдарламаға сай, ары қарай АҚШ-тың 46-президенті Джо Байден мен оның вице-президенті Камала Харриспен қоштасу рәсімі жалғасын табады. Бұл шаралардан соң Трамп АҚШ Конгресіндегі президент бөлмесіне барып, қызметіне кіріскеннен кейінгі алғашқы жарлықтарына қол қою рәсімін өткізеді.

Салтанатты инаугурацияның видеосын сайтымыздан көре аласыздар.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.