jitsu gif

Түркия қонақүйіндегі өрт: 8 мүшесі бірдей көз жұмған отбасының жаназасында Ердоған көз жасын жасыра алмады

Марқұмдардың жаназасында Ердоған көзіне жас алды. Фото
Марқұмдардың жаназасында Ердоған көзіне жас алды. Фото: Turkish Presidency/Murat Cetinmuhurdar/Handout/Anadolu via Getty Images

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған жұбайымен бірге Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан қаза тапқандардың жаназасына қатысты. Бір отбасының 8 адамын бірдей жерлеу рәсімінде Ердоған көз жасын жасыра алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түркия президентінің ресми сайтында Режеп Тайип Ердоған мен оның жұбайы Эмине Ердоған Болу құрбандарының жаназасына қатысқаны хабарланған. Хабарламада президент сегіз мүшесі бірдей бақилық болған Гюлтекиндер әулетіне барғаны жазылған. Ердоған көз жұмғандардың туыстарына және түрік халқына көңіл айтқан.

TRT Haber мәліметінше, Ердоған жаназада көзіне жас алған.

"Президент Ердоған 8 мүшесінен бірдей айырылған Гюлтекиндер әулетінің жаназасында көз жасын тоқтата алмады", - деп жазады басылым.

Естеріңізге сала кетсек, 21 қаңтарда түнде Түркияның Карталкая тау шаңғысы курортында орналасқан Grand Kartal қонақүйінен өрт шығып, салдарынан 60-тан аса адамның қаза тауып, тағы 51 адамның зардап шеккені хабарланған еді. Кейін қаза тапқандар саны 76-ға жетті.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері алдын ала мәлімет бойынша қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін хабарлады.

Қайғылы жағдайға байланысты 22 қаңтар Түркияда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізген.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.