jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қатты қорқыныш себеп болған: Стамбұлдағы жер сілкінісі кезінде Өзбекстан азаматы қайтыс болды

Түркия
Түркияның жедел жәрдем қызметі. Көрнекі фото: Adem Altan/AFP via Getty Images

Стамбұлда жер сілкінісі кезінде Өзбекстан азаматы қайтыс болды. Оның өліміне қатты қорқыныш әсерінен болған жүрек қызметінің жеткіліксіздігі себеп болды, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасының Түркиядағы елшілігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға 23 сәуірде болған.

"Стамбұлда тұратын отандасымыз жүрек қызметінің жеткіліксіздігінен қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл қайғылы оқиға Стамбұлдағы жер сілкінісі кезінде жоғарғы қабатта болған ер адамның қатты қорқыныш күйіне түсуінің салдарынан болған", - делінген елшілік хабарламасында.

Өзбекстан Республикасының Стамбұлдағы Бас консулдығы марқұмның денесін отанына жіберу үшін қажетті консулдық, құқықтық және ұйымдастырушылық шараларды қолға алды.

"Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз", - деп мәлім етті ведомстводағылар.

Еске сала кетейік, 23 сәуірде Түркияда магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Стамбұл провинциясының Силиври ауданында орналасқан.

Қатты қорқыныш себеп болған: Стамбұлдағы жер сілкінісі кезінде Өзбекстан азаматы қайтыс болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.