jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Стамбұлда тағы да жер сілкінді

Стамбұл қаласы
Стамбұл қаласы. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 25 сәуірдің кешінде Түркияның Стамбұл қаласында жер сілкінді. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды NTV-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Түркиялық телеарнаның хабарлауынша, Түркия үкіметі жанындағы табиғи апаттар мен төтенше жағдайлармен күрес жөніндегі басқарма (AFAD) жерасты дүмпулері Стамбұл уақытымен сағат 20:33-те (Астана уақытымен 22:33) тіркелген.

Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,3.

"Афтершоктар алдағы бірнеше апта ішінде тоқтайды деп күтіліп отыр", - деп ескертті ведомство өкілдері.

Қазіргі таңда зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.

Еске салсақ, бұдан екі күн бұрын, 23 сәуірде Түркияда магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Стамбұл провинциясының Силиври ауданында орналасқан. Салдарынан жүздеген адам зардап шекті. Одан бөлек жер сілкінісі кезінде Өзбекстан азаматы қайтыс болғаны белгілі болды. Оның өліміне қатты қорқыныш әсерінен болған жүрек қызметінің жеткіліксіздігі себеп болған.

Стамбұлда тағы да жер сілкінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.