jitsu gif

Бішкектегі мектептердің біріне Кемел Тоқаевтың есімі берілді

Кемел Тоқаев
Кемел Тоқаев. Фото: "Ана тілі" газеті

Бішкектегі №33 мектеп-гимназиясы енді Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевтың есімімен аталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзовке сілтеме жасаған басылым қазақ прозасындағы детектив жанрының негізін салушы Кемел Тоқаевтың есімін беру бастамасы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа тиесілі екенін мәлім етті.

Асқат Алагөзов сондай-ақ Қырғызстан президенті Ресейге жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұл жаңалықты жеткізгенін атап өтті.

Соғыс жылдарында №33 мектеп Қазақстан президентінің әкесі бітірген Фрунзе әскери жаяу әскер училищесі болды. Осы жерден ол майданға шақырылды.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстағанын хабарлағанбыз.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.