jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Юн Сок Ель
Юн Сок Ель. Фото: Photo by Chris Jung/NurPhoto via Getty Images

Бүгін Сеул сотында елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ельге бүлікке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты, деп хабарлайды BBC-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, Юн Сок Ель өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Бұл іс бойынша басқа да айыпталушыларға үкім шығарылған. Сот бұрынғы қорғаныс министріне 30 жыл, ал полицияның бұрынғы бастығына 12 жыл жаза кескен.

Сот айыпталушылар бір апта ішінде апелляциялық шағым түсіре алатынын ескертті.

Юн Сок Ельге қатысты іс

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 3 желтоқсанда түнде Юн Сок Ель Оңтүстік Кореяда әскери төтенше жағдай жариялаған болатын.

Алайда елдегі оппозициялық күштер оның бұл шешіміне қарсы шығып, ертесіне-ақ төтенше жағдайды алып тастады.

Бұдан кейін Сеулдің жүз шақты тұрғыны Ұлттық ассамблея ғимаратының алдына жиналып, Юн Сок Ельдің қызметтен кетуін, оған импичмент жариялауды талап етті.

Оппозициялық партия Юн Сок Ель қызметтен кетпесе, импичмент әрекетін бастайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ партия оның әскери жағдай жариялауын бүлік деп атап, осы әрекетінің өзі импичментке негіз болатынын хабарлады.

Бірнеше күннен соң прокуратура елдің бұрынғы қорғаныс министрін ұстады. Ол президент Юн Сок Ельге елде әскери режим енгізуге кеңес бергенін мойындаған.

14 желтоқсанда Юн Сок Ельге импичмент жариялау ресми түрде қолдау тапты.

Ал былтыр қаңтарда прокурорлар Юн Сок Ельге бүлікке қатысты іс бойынша ресми айып тақты.

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.