jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Иран өзіне жасалған шабуылға жауап ретінде Израильге қарай ондаған зымыран бағыттады

Зымыран
Зымыран. Көрнекі сурет: Olena Bartienieva/Getty Images

NourNews Иран агенттігінің ақпаратына сәйкес, Иран АҚШ пен Израильдің шабуылына жауап ретінде Израильге қарай ондаған баллистикалық зымыран бағыттады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ЦАХАЛ-дың өз Telegram арнасында жариялаған мәлімдемесінде Ираннан да зымырандар ұшырылғаны сөз етілген.

Мәлімдемеде Израиль халқына жақындап келе жатқан қауіп туралы алдын ала ескерту жасалып, азаматтардан қауіпсіз жерлерге жасырыну сұралған.

Еске салсақ, 27 ақпанда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Иран төңірегінде шиеленістің сақталуына байланысты Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынған болатын.

Ал 28 ақпанда Израиль қорғаныс министрлігі ЦАХАЛ Иранға алдын ала соққы жасағанын хабарлады.

Артынша Трамп АҚШ Иранға қарсы ауқымды әскери операцияны бастағанын мәлімдеді.

Иран өзіне жасалған шабуылға жауап ретінде Израильге қарай ондаған зымыран бағыттады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.