"Мұны істемегені жөн": Трамп Иран қарулы күштерінің мәлімдемесіне қатысты ескерту жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеидің өлімі үшін "кек аламыз" деп қорқытқан Ислам революциясы сақшылар корпусына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Трамп Truth Social әлеуметтік желіcінде жазба жариялап, Ислам революциясы сақшылар корпусына "кек алу мақсатындағы шабуылдан" бас тартуы керек екенін мәлімдеді.
"Иран бүгін бізге бұрын-соңды болмаған қуатты шабуыл жасайтынын айтты. Олар мұны істемегені жөн, себебі егер олар сондай әрекетке барса, біз оларға бұрын-соңды болмаған қатты соққы жасаймыз", - деп жазды Трамп.
Естеріңізге сала кетейік, Ислам революциясы сақшылар корпусы аятолла Әли Хаменеидің қазасына жауап ретінде ел тарихындағы "ең қуатты" шабуылын бастайтынын мәлімдеген еді.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде Иранның жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеидің қаза тапқаны туралы ақпаратты жария етті. Ол оны "тарихтағы ең зұлым адамдардың бірі" деп атады.
Кейінірек Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары елдің жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеидің қаза тапқанын ресми түрде растады. Елде 40 күндік аза тұту жарияланды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2348809-muny-istemegeni-zhon-tramp-iran-qaruly-kushterining-malimdemesine-qatysty-eskertu-zhasady/