Израиль Иранның барлау министрінің көзі жойылғанын мәлімдеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац Иранның барлау министрінің қаза тапқанын мәлімдеді. Иран билігі әзірге бұл мәлімдемеге қатысты пікір білдірген жоқ, деп хабарлайды Aljazeera арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Исраэль Кац Израиль әскері Иранның барлау министрі Эсмаил Хатибтің көзін жойғанын хабарлады.
Тегеран бұл мәлімдемеге қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац Иранға жасалған әуе соққысының салдарынан Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджанидің қаза тапқанын хабарлаған еді.
Кейін Иран тарапы Әли Лариджанидің ұлымен бірге қаза тапқанын растады. Сондай-ақ оның орынбасарларының бірі және бірнеше оққағары қайтыс болған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2355881-izrail-irannyng-barlau-ministrining-kozi-zhoiylganyn-malimdedi/