jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Крокус Сити Холлдағы" терактіге қатысы бар ауған азаматы АҚШ-та сотталды

Теракт жасалған "Крокус Сити Холл"
Теракт жасалған "Крокус Сити Холл". Фото: Stringer/AFP via Getty Images

АҚШ-та Мәскеу түбіндегі "Крокус Сити Холл" терактісіне және басқа да лаңкестік операцияларға қатысы бар делінген ауған содыры Мохаммад Шарифулла сотталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ АҚШ Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

АҚШ Әділет министрлігінің сайтында сот ИГИЛ ("Ислам мемлекеті", Қазақстанда тыйым салынған) мүшесі Мохаммад Шарифулланы лаңкестік ұйымға материалдық қолдау көрсеткені және ресурстар бергені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырғаны айтылады.

Ведомство дерегінше, 2024 жылдың наурызында Мәскеу түбіндегі "Крокус Сити Холлда" теракт болған кезде Шарифулла ИГИЛ атынан шабуыл жасаушыларға АК автоматтары мен басқа да қару-жарақты қолдану бойынша нұсқаулық берген, сондай-ақ шабуыл кезінде олармен байланыста болған.

Сонымен қатар Шарифулланың 2021 жылы АҚШ әскері Ауғанстаннан шығарылған кезде Кабулда болған жарылысқа және басқа да бірқатар лаңкестік операцияларға қатысы бар.

"Крокус Сити Холл" ғимаратындағы теракт

2024 жылы 22 наурызда кешке Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы "Крокус Сити Холл" ғимаратында атыс пен өрт болғанын хабарлады. Бұл жерде "Пикник" тобының концерті өтуі керек еді. Бұл оқиғадан кейін Ресей Тергеу комитеті терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Ресей Федеральды қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников терактіге байланысты 11 адамның, оның ішінде "Крокус-Сити Холлдағы" терактіге тікелей қатысы бар төрт лаңкестің ұсталғанын хабарлады.

24 наурыз Ресейде ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Кейін "Крокус-Сити Холлдағы" лаңкестік әрекеттің салдарынан қаза тапқандар саны 139 адамға жеткен деген ақпарат берілді.

"Крокус Сити Холлдағы" терактіге қатысы бар ауған азаматы АҚШ-та сотталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram