Алматыда ипподром артындағы қойма өртеніп жатыр (фото, видео)
Опубликовано:
Алматыдағы Жетісу ауданында бояу-лак материалдары бар қоймадан өрт шықты. Оқиға салдарынан оңтүстік астана аспанын қара түтін басқан. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Анықталғандай, өрт сөндірушілерге Омаров көшесі 12в/1 мекенжайында орын алған төтенше жағдай туралы сағат 07:45-те хабарланған.
Оқиға орнында 15 көлік пен 43 өрт сөндіру қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
"Күш пен керек-жарақтар арттырылған нөмір бойынша көбейіп жатыр. Қосымша ақпаратты кейінірек беретін боламыз" , - деді баспасөз қызметі.
Айта кетерлігі, төтенше жағдай салдарынан Алматы аспанын қара түтін басқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1805515-almatyda-ippodrom-artyndagy-kojma-rtenip-zatyr-foto-video/