Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуі әйелін өртеп жіберген: Елордада болған оқиғаның мән-жайы анықталды

Опубликовано:

Елордада отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелін алдымен аямай ұрып-соғып, артынан бензин құйып, өртеп жіберген. Сұмдық жағдай қала іргесіндегі Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жанындағы аялдамада болған. Денесінің басым бөлігін күйік шалған 38 жастағы әйел ауруханада жатыр. Ал, жан жарына айуандық жасаған қаскөйді полицейлер ұстаған. Ол қылмысын мойындады деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Кеше күндіз он бірлер шамасында болған сұмдық жағдайда азаматшаны жұбайы алдымен соққының астына алған. Кейіннен ол үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. Осылайша, асқан қатыгездікке барған күйеуі әйелін тастап кете берген.

"Жәбірленушінің денесінің 75 пайызын күйік шалған. Басынан тізесіне дейін сау жері жоқ. Қазіргі дейін жағдайы өте ауыр. Қандай да бір болжам айту өте қиын", - деді анестезиолог-реаниматолог Татьяна Лебига.

Айуандыққа барған ер адам полицейлер қолында. Күдікті қылмысын толық мойындаған.

"Осы дерек бойынша «кісі өлтіруге ұмтылу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті, 43 жастағы әйелдің күйеуі анықталып, ұсталды. Ол уақытша қамау изоляторына қамауға алынды", - деді қалалық ПД баспасөз қызметінің хатшысы София Қылышбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1820983-elordada-kjeui-jelin-rtep-zibergen-okigany-mn-zajy-anyktaldy/

pixel