Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда бір жасар бала көз жұмды: Оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Ақтау қаласында мерт болған бір жасар бүлдіршінге қатысты жаңа мәлімет пайда болды. Анықталғандай, сәби ресми түрде тіркелмеген балабақшаға барған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтауда бір жасар бала көз жұмды: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, көз жұмған сәбиге қараған әйел адам үйде отырып, бала күтуші қызметтерін көрсеткен.

Ол ресми түрде балабақша ретінде тіркеуден өтпеген пәтерінде балаларға қараған.

Белгілі болғандай, күтуші үш бөлмелі пәтерде бес баласымен, күйеуімен бірге тұрады.

Қалалық әкімдік те әйел адамның пәтері жекеменшік балабақша ретінде тіркелмегенін растады.

"Әйел адам бірнеше ата-ананың өтінішімен балаларға қараған. Сол күні, 6 желтоқсанда тағы екі балаға қарайлап қалған", - деп хабардар етті қалалық білім бөлімдегілер.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтаудағы балабақшада бір жасар баланың қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Lada.kz басылымы куәгерлердің сөзіне сүйене отырып, бүлдіршіннің жекеменшік балабақша күтушісінің қарауында жүргенде көз жұмғанын жазды.

Сәбидің өліміне нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Ал Маңғыстау облысының құқық қорғау органдары бұл фактіні СДТБТ-іне тіркеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1830973-aktauda-bir-zasar-bala-kz-zmdy-okigaga-katysty-zaa-derekter-sykty/

pixel