Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жер сілкінісі болды

Опубликовано:

Бүгін, 15 ақпанда оңтүстік астанада жер сілкінді. Сейсмологтар оны жергілікті уақыт бойынша 9 сағат 31 минутта тіркеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қалалық ТЖД ақпаратына сәйкес, эпицентр оңтсүтік астанадан 242 шақырым жерде, атап айтқанда, оңтүстік-шығыс бетте қырғыз-қытай шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық классы 11.3. Ол бес шақырым тереңдікте орналасқан.

Оңстүстік астанада жер дүмпуінің сезілуі 2 баллды құрады.

Департаментте атап өткендей, барлық мемлекеттік органдарға хабар берілді.

ПД ЖБО ақпарынша, қазір жағдай тұрақты.

Айта кетейік, Қазгидромет мәліметінше, алдағы демалыс күндері, яғни, 15-17 ақпан аралығында Қазақстанның барша аймағында ауа райы күрт суиды. Бұл елге солтүстік пен оңтүстіктен келген екі циклонның әрекетімен байланысты.

Ресей Федерациясының еуропалық бөлігінен келген күшті атмосфералық фронттар елдің солтүстік бөлігіндегі ауа райы жағдайына тікелей әсер етеді. Салдарынан онда орналасқан өңірлер үшін қар жауып, боран соғып, оңтүстік-батыс бағытта екпінді жел соғады.

Орта Азия жерлерінен келген екінші циклон Қазақстанның оңтүстік бөлігіне ығысып, ол жердегі ауа райын өзгертуде. Мамандар осы циклонның жолында тұрған өңірлерде тұман, көктайғақ болып, жаңбыр, қар жауады деп болжайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1841127-almatyda-zer-silkinisi-boldy/

pixel