Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 17 жастағы жігіт аттракционнан құлап, қайтыс болды (видео)

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкенттегі ойын-сауық саябақтарының бірінде 17 жастағы жігіт биіктіктен құлап көз жұмды деп жазады Otyrar.kz.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға "Қиял әлемі" технопаркінде орын алған. Жас жігіттің дәрігерлер келгенге дейін сол жерде көз жұмғаны белгілі болды.

Кейбір деректерде марқұмның мектепті аяқтап, ойын-сауық саябағында сырттай жұмыс істегені айтылған.

Болжам бойынша, ол қайтыс болар алдында металл құрылымға көтерілген.

Қазіргі уақытта саябақ жабық.

Қайғылы жағдайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне растады.

Алайда толық ақпаратты кейінірек беретінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1915046-symkentte-17-zastagy-zigit-attrakcionnan-qulap-qaitys-boldy-video/

pixel