Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарық шамының бағанын ұстаған": Ақтауда тоқ ұрған сегіз жасар бала көз жұмды

Опубликовано:

Оқиға орны
Фото: Лада

Ақтауда 8 жасар бала электр тоғы соғып көз жұмды деп хабарлайды Lada.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 23 маусым күні кешке таман 5-шағын ауданда, "Волна" базары мен №7 мектеп-лицейдің арасында орналасқан аймақта болған.

Куәгерлер баланың жарық шамының бағанын ұстаған сәтте оны электр тоғы ұрғанын айтуда. Баған білім беру мекемесі қоршауының жанына орнатылғаны белгілі болып отыр.

"Өлімнің нақты себептерін анықтау үшін жедел-тергеу тобы сол жерде жұмыс істеуде", - дейді полиция.

Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері Алматыдағы субұрқақтардың бірінде бір әйел мен екі қыз бала электр тоғынан ажал құша жаздаған еді.

Оларды сол маңнан өтіп бара жатқан жас жігіт судан шығарып үлгерген. Әйелдің жағдайы әлі де өте ауыр деп бағалануда, ол жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккен қыздардың жағдайы тұрақты, олар жансақтау бөлімінен шыққан.

Полиция бұл факті бойынша іс қозғады. Кінәлілер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқиға болған жерде "Шомылуға тыйым салынады!" деген ескерту тақташасы қойылған.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы тоқ соққандарды құтқарып қалған Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1919175-aqtauda-sam-baganynan-toq-urgan-segiz-zasar-bala-koz-zumdy/

pixel