Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев субұрқақта адамдарды құтқарған студентті Құрмет грамотасымен марапаттады

Опубликовано:

Абылай Балапанов
Абылай Балапанов. Фото: facebook.com/Берік Уәли

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарған қазақстандық студентті Құрмет грамотасымен марапаттады.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында хабарлады.

"Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады", – деп жазды ол.

Еске салсақ, 19 маусымда қазақ мемлекеттік циркінің жанындағы субұрқақта екі кәмелетке толмаған қыз бен бір ересек адам электр тоғынан зардап шеккен болатын.

Бұл туралы Алматы қаласының тұрғыны Үкілай Бестай өзінің Facebook парақшасында жариялады. Желі қолданушысы оқыс жағдайға тап болып, тоққа түскен адамдарды бейтаныс жігіттің құтқарып қалғанын өз көзімен көрген.

Кейін ол жігіттің Абылай Балапанов есімді студент екені анықталды.

Сонымен қатар дәрігерлер зардап шеккен қыздар мен әйелдің жағдайы туралы айтып берді. Бүгін бір қыз баланың жансақтау бөлімінен шыққаны белгілі болды.

Сондай-ақ, бұл жайтқа қатысты қала әкімі де пікір білдірген болатын. Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше, аталған факті полицияның тергеуінде.

Қазір оқиға болған жерде "Шомылуға тыйым салынады!" деген ескерту тақташасы қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918932-toqaev-suburqaqta-adamdardy-qutqargan-studentti-qurmet-gramotasymen-marapattady/

pixel