jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматы көшелеріне әскерилер мен арнайы техника жиналуда: Бірқатар көше жабылды (видео)

    әскери қызметішілер11
    Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматылықтар әлеуметтік желідегі пабликтерде қаланың әр бөлігінде әскерилер мен әскери техника, полицейлер мен өрт сөндірушілердің жиналып тұрғанын хабарлауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі пабликтерде түрлі видеолар жариялануда.

    Онда қалалықтар мегаполистің бірқатар аудандарында, атап айтқанда Астана және Республика алаңының маңында әскерилер, полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер, ал "барахолка" маңында әскери жүк көліктері көптеп жиналып тұрғанын байқағанын жазуда.

    Ал қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, антитеррорлық операцияға байланысты бүгін белгілі бір көшелердің кей бөліктері уақытша жабылады. Олар:

    • Абылай хан көшесінің Мақатаев пен Бөгенбай батыр көшелеріне дейінгі солтүстік және оңтүстік бағыттағы бөлігі;
    • Төле би даңғылының Желтоқсан көшесінен Назарбаев көшесіне дейінгі шығыс және батыс бағыттағы бөлігі.

    Осыған орай полиция азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарап, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды және жол-көлік ережелерін сақтауды сұрайды.

    Одан бөлек, алматылықтарға қалада антитеррорлық операция жалғасып жатқаны туралы SMS-хабарламалар келіп жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналған орындарда жүрмеу және түн ішінде көшеге шығуды шектеу ұсынылды.

    Айта кетерлігі, бүгінде Алматы қаласы мен елдің барлық өңірінде ТЖ режимі мен коменданттық сағат күшін жойды. Алайда Алматы қаласында қауіптіліктің "қызыл" деңгейі сақталуда.

    Алматы көшелеріне әскерилер мен арнайы техника жиналуда: Бірқатар көше жабылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.