Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте карьер шұңқырындағы суға батып кеткен жасөспірім көз жұмды

Опубликовано:

Карьерге батып кетті
Оқиға орнынан фото: otyrar.kz

Шымкент қаласы Қаратау ауданы "Қайтпас-1" ықшамауданында 2007 жылы туған жасөспірім карьер шұңқырындағы суға батып кетіп, көз жұмды. Оның денесін жедел-құтқару жасағының құтқарушы-сүңгуірлері алып шықты, деп хабарлайды otyrar.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай туралы ақпарат құтқарушыларға 2 мамыр күні сағат 14:45 шамасында келіп түскен.

Қызметкерлер оқиға орнына аттанып, жасөспірімнің денесін шамамен сағат 16:20-да алып шыққан.

Ведомство дерегінше, карьердің тереңдігі 1,5-2 метрді құрайды.

"Біз тыйым салсақ та, балалар онда шомылуға көп барады. Ол жақта ескерту тақтайшалары тұр", - дейді ведомстводан.

Қазіргі таңда қайғылы оқиғаның себебі анықталуда. Қаратау ауданының полициясы сот-медициналық сараптама тағайындап, анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Одан бөлек құтқарушылар әкімдікпен бірге карьерді қоршау мәселесін пысықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1967758-symkentte-karer-sunqyryndagy-suga-batyp-ketken-zasospirim-koz-zumdy/

pixel