Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда кәсіпкер өліміне күдікті екі ер адам ұсталды

Опубликовано:

кісен11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Мой город" порталы БҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бұған дейін күдіктілерді іздеуге әскерилер тартылғаны хабарланған болатын.

Полицейлер қалаға кіретін және шығатын барлық жолдарды, күдіктілер жасырынуы мүмкін орындарды да тексерді.

Еске сала кетейік, 6 тамыз күні Оралда қалаға белгілі кәсіпкерді өлтіріп кеткен болатын. Ер адам бірнеше жерден пышақ жарақатын алған. Ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Көп ұзамай полицейлер кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілерге қатысты деректерді жариялады. Тәртіп сақшылары 1991 және 2001 жылы туған екі ер адамды іздеген болатын.

Іздеу жұмыстарына БҚО ПД барлық күш-құралдары жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1982209-oralda-kasipker-olimine-kudikti-eki-er-adam-ustaldy/

pixel