Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қасымды тіліп жіберді": Алматыда 28 жастағы аруға бейтаныс адам шабуыл жасаған

Опубликовано:

Бойжеткен
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны көшеде өзіне бейтаныс адамның шабуыл жасағанын хабарлады. Бұл жағдайға қатысты оңтүстік астананың полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жәбірленушінің сөзінше, бейтаныс адам оған үйіне жақын жерде шабуыл жасаған. Оқиғаның мән-жайы айтылған жазба Instagram желісіндегі топтардың бірінде жарияланды.

"Басымнан ұра бастады. Қасымды тіліп жіберді. Содан кейін келген жолымен қашып кетті. Полицияға бірден арыздандым. Алайда олар әлі камераларды тексерген жоқ. Оның түрін есімде сақтап қалдым. Бірақ менен ешкім бұл туралы сұрамады. Бұл істі жауып тастай ма деп қорқамын", - деді бойжеткен.

Жәбірленушінің шағымына қатысты Алматы қаласының полиция департаменті пікір білдіріп, ведомство басшылығы тергеу барысын бақылауға алғанын мәлім етті.

"Бойжеткен алған жарақаттың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді құзырлы органның баспасөз қызметінен.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Айта кетейік, оқиға 16 тамызға қараған түні Алматы қаласының Медеу ауданының аумағында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1983673-qasymdy-tilip-ziberdi-almatyda-28-zastagy-aruga-beitanys-adam-sabuyl-zasagan/

pixel