Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі автобус жол апатына түсті (фото, видео)

Опубликовано:

оқиға орны
Оқиға орнынан фото: Facebook/Гулмира Илеуова

Алматыда бүгін, 8 қарашада екі жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Қалалық мобильділік басқармасы оқыс оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Гүлмира Илеуова есімді желі қолданушы Facebook парақшасында жол апаты болған жерден түсірілген кадрларды жариялады.

Автор оқиғаның Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысында болғанын жазады. Желі қолданушысының сөзінше, зардап шеккендер бар.

Алматы тұрғынының жазбасына қатысты қалалық мобильділік басқармасы пікір білдірді.

"Оқиға орнына мамандар барды. Тиісті жұмыстарды құзырлы органдар жүргізетін болады", - дейді басқарма өкілдері.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне жол апатына қатысты кейінірек пікір білдіруге уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1996242-almatyda-eki-avtobus-zol-apatyna-tusti-foto/

pixel