Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы мектептердің бірінде баспалдақтан құлап кеткен оқушы ауруханадан шықты

Опубликовано:

Аурухана дәлізі
Аурухана іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Елордадағы мектептердің бірінде баспалдақтан құлап кеткен оқушы ауруханадан шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"2023 жылғы 2 қазанда бала үйіне шығарылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық", - деп хабардар етті Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанадағы мектептердің бірінде оқушының баспалдақтан құлап, ауыр жарақат алғанын хабарлаған едік.

Осы оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды.

Сондай-ақ Астана полиция департаменті бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 141-бабы (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Кейінірек балалар омбудсмені Динара Зәкиева бұл оқиғаға байланысты мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Сонымен қатар дәрігерлер баланың денсаулығына қатысты пікір білдіріп, ол бас сүйек-ми жарақаты хаттамасы бойынша ем алып жатқанын, қазіргі уақытта жедел емдеуді қажет етпейтін хабарлаған болатын. Ал баланың әкесі баласының жағдайы жақсы емес екенін, Түркияда қымбат ота жасау керектігін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2039388-astanadagy-mektepterdin-birinde-baspaldaqtan-qulap-ketken-oqusy-auruxanadan-syqty/

pixel