Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуандық Бишімбаевқа тағы бір бап бойынша айып тағылды

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: primeminister.kz

Әйелі Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтірді деп күдіктелген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа "Қинау" бабы бойынша қосымша айып тағылды. Бұған дейін ол "Аса қатыгездікпен адам өлтіру" бабы бойынша тергелген еді. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазды КТК телеарнасының сайты.

Енді Салтанат Нүкенованың өлімі үшін Қуандық Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2- тармағы, яғни "Қинау" бойынша қосымша айып тағылып отыр.

Ал Нүкенова көз жұмған "Гастро-орталықтың" директорына қатысты тергеу аяқталды. Ол "Қылмысты жасырып қалу" бабы бойынша істі болып жатыр. Қазір тараптар материалдың мазмұнымен танысуды бастап кетті.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша 12 сараптама тағайындалған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

2024 жылғы 14 қаңтар күні Астана соты Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімін 9 наурызға дейін ұзартқаны мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2055867-quandyq-bisimbaevqa-tagy-bir-bap-boiynsa-aiyp-tagyldy/

pixel