Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Майқайыңалтын" АҚ-дағы апат: құтқарушылар тау жыныстарының құлау қаупі барын айтты

Опубликовано:

Автобус құлаған карьер
Автобус құлаған карьердегі құтқарушылардың жұмысы: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

"Майқайыңалтын" АҚ-да құлаған автобусты авариялық-құтқару жұмыстары демалыс күндерінсіз, күндізгі уақытта жалғасып жатыр. Оқиға орнында тау жыныстарының құлау қаупі бар, деп хабарлайды ТЖМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнында барлығы 147 адам, 45 техника, 3 кинологиялық есеп және 2 дрон жұмылдырылған. Шетелдік мамандарды тарту талап етілмейді. 

"Топырақтың геосканизациясы мезгіл-мезгіл жалғасады. Жұмыстар қиын жағдайда жүргізілуде, тау жыныстарының құлау қаупі және пайда болған шұңқырдың астындағы бос орындар бар. Жұмыс істейтін құтқарушыларды жылыту үшін құлау түбінде шатыр мен калорифер орнатылды, экскаватор мен басқа да қатысушылардың шұңқыр түбіндегі жұмыстарының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді", - делінген хабарда.

ТЖМ өкілдері психологтар тобы зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсететінін айтады.

БЖЗҚ қаза тапқандардың отбасыларына жерлеуге төлемдер жүргізген.

"Жұмыс беруші қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына 10 жылдық жалақы төлеу, кредиттік қарыздарды өтеу және кәмелетке толмаған балалардың қамқоршылығы бойынша міндеттемелер алуды жоспарлап отыр, сондай ақ облыс әкімдігімен бірлесіп Торайғыров атындағы Павлодар университетінде қаза тапқан балаларды оқытуға гранттар беру мәселесі пысықталуда

Жазатайым оқиғаның себептерін тергеу жөніндегі комиссия өз жұмысын аяқтайды. Кеніштің жұмыс және жобалық құжаттамасы, сараптама ұйымдарының алдын ала қорытындылары зерделеніп, кәсіпорынның куәгерлері мен лауазымды тұлғаларына сауалнама жүргізілді. "Майқайыңалтын" АҚ қызметі тоқтатылды", - делінген министрлік хабарында.

Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша жауапты лауазымды тұлғалар тобы айқындалатын болады. Кінәлі тұлғаларды анықтау үшін тергеу материалдары тергеу әрекеттерін жүргізу үшін құқық қорғау органдарына беріледі. Кінә дәрежесін және олардың жауапкершілік шарасын сот органдары айқындайды. 

Карьерге құлаған автобус оқиғасы

Еске салайық, Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні Майқайың кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді. Олардың денесі жер бетіне шығарылды.

Облыс әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, автобуста 4 адам болған - Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Павлодар филиалының 3 қызметкері мен автобус жүргізушісі.

5 қаңтарда Асайын Байханов оқиға орнынан видео жариялады.

Павлодар облыстық полициясы "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы апатқа қатысты тергеуді бастады. Кейін Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті автобус құлап кеткен "Майқайыңналтын" АҚ аумағында жүргізіліп жатқан іздеу-құтқару жұмыстарының барысы туралы баяндады.

Кейін Павлодар облысындағы автобус құлап кеткен "Майқайыңалтын" АҚ аумағына қазуға арналған техника жеткізілгенін жазған едік.

Қаңтардың 15-і Павлодар облысында адамдар мінген автобустың жер астына құлаған сәті түсірілген видео пайда болды.

Ал 17-сі мәжілістің жалпы отырысында AMANAT фракциясының депутаты Амантай Жарқынбек "Майқайыңалтын" АҚ-ға қарасты шахтада болған апатқа қатысты мәселе көтерген болатын.

Сондай-ақ 18 қаңтарда "Майқайыңалтын" шахтасына құлап кеткен құтқарушының әкесі жанайқайын айтқаны туралы жазған едік. Ал 23 қаңтарда 40 қызметкерден жауап алынғаны хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2057147-maiqaiynaltyn-aq-dagy-apat-qutqarusylar-tau-zynystarynyn-qulau-qaupi-baryn-aitty/

pixel