Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында карьерге құлаған автобусты іздеу жұмыстары қайта жанданды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Апат орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар
Апат орнындағы құтқарушылар. Көрнекі фото: https://t.me/qr_tjm

Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті автобус құлаған "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы іздеу жұмысы қайта жанданғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұған дейін шұңқырда саңылау пайда болып, іздеу жұмысын ары қарай жалғастыруға қауіп төнгендіктен жұмысты тоқтатып, техника мен құтқарушыларды жер бетіне шығару туралы шешім қабылданған еді.

Саңылауды эндокамерлер арқылы зерттеу туралы шешім қабылданған-ды. Зерттеу жұмысы аяқталды.

Жұмысты жалғастыру үшін терең шұңқырға шағын экскаватор түсірілді.

Ведомствоның мәліметінше, саңылау тастар мен қатты жыныстардың опырылуы салдарынан пайда болуы мүмкін.

"Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы ТЖ

Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні "Майқайыңалтын" кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді.

Автобуста 4 адам болған. Олар – "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының" Павлодар филиалының 3 қызметкері мен автобус жүргізушісі. Қаза болған екі қызметкердің денесі жер бетіне шығарылса, қалған екі қызметкерді іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Бұл оқиғадан соң Павлодар облыстық полициясы "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы апатқа қатысты тергеуді бастады.

Жақында тергеу қорытындысы жарияланды. Комиссия жауапты 7 адамды анықтады. Еңбек заңнамасына сәйкес, тергеу материалдары құқық қорғау органдарына жіберілген.

"Майқайыңалтын" аумағында қаза болған құтқарушылардың отбасына сақтандыру өтемақысы берілетіні, отбасының несиелері мен коммуналдық қарыздарын өтеуді жұмыс беруші өз мойнына алатыны белгілі болды.

2 ақпан күні Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов құтқарушының каскасы мен қол радиостанциясы табылғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2058975-pavlodar-oblysynda-karerge-qulagan-avtobusty-izdeu-zumystary-qaita-zandandy/