Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Майқайыңалтын" карьеріне құлап кеткен құтқарушылардың заттары табылды

Опубликовано:

Құтқарушының каскасы
Табылған заттар. Фото: t.me/AsaiynBaikhan

"Майқайыңалтын" АҚ кеніші аумағында карьерге құлап кеткен автобусты іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов құтқарушының каскасы мен қол радиостанциясы табылғанын мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Облыс әкімінің Telegram желісіндегі ресми арнасында хабарлауынша, "Майқайыңалтын" АҚ кенішінде іздеу жұмыстары жүргізілген жерде бүгін жаңа бөлшектер табылып, жер бетіне шығарылған.

Атап айтқанда, құтқарушының каскасы, автобустың ішкі сөресі есігінің кішігірім бөлігі және де құтқарушының "XFERRA" қол радиостанциясы табылған.

"Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы ТЖ

Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні "Майқайыңалтын" кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді.

Автобуста 4 адам болған. Олар – "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының" Павлодар филиалының 3 қызметкері мен автобус жүргізушісі. Қаза болған екі қызметкердің денесі жер бетіне шығарылса, қалған екі қызметкерді іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Бұл оқиғадан соң Павлодар облыстық полициясы "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы апатқа қатысты тергеуді бастады.

Жақында тергеу қорытындысы жарияланды. Комиссия жауапты 7 адамды анықтады. Еңбек заңнамасына сәйкес, тергеу материалдары құқық қорғау органдарына жіберілген.

Кеше "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы төтенше жағдай кезінде қаза тапқан құтқарушының қызы видеоүндеу жасап, уәде етілген материалдық көмек толығымен көрсетілмегенін мәлімдеген болатын.

Ал бүгін "Майқайыңалтын" аумағында қаза болған құтқарушылардың отбасына сақтандыру өтемақысы берілетіні, отбасының несиелері мен коммуналдық қарыздарын өтеуді жұмыс беруші өз мойнына алатыны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058900-maiqaiynaltyn-karerine-qulap-ketken-qutqarusylardyn-zattary-tabyldy/

pixel