Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызым екеумізді қаралады": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Facebook желісіндегі жазбаға жауап берді

Опубликовано:

Назым ҚаҺарман
Назым ҚаҺарман. Видеодан кадр: instagram.com/nazymkakharman

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман желіде марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы қызына шабуыл жасады деп айыптаған жазбаға жауап берді.

Facebook желісінде жарияланған жазбада әйел Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді туралы айтады.

"Сондай ақ, таза, зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдерді қорғайды дейтін марқұмның ағасы Айтбек Амангелді неге өзі жайлы бар шындықты айтпайды?

Неге ол өзіне қарсы мәлімдеме болғаны туралы шындықты, 10 жасар қызды, дәлірек айтсақ, бұрынғы министр Бишімбаевтың қызын зорлауға әрекеттенгені туралы баянат болғанын айтпайды?", - деп жазады ол.

Бұл жазбаға Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман жауап беріп, хабарламаны "жала" деп атады. Ол Instagram-дағы жеке парақшасында бірнеше бейнехабарлама жариялады. Оның айтуынша, жазба авторы қызының басынан өткен жағдайды бұрмалап жеткізген.

Назым Салтанаттың ағасы Айтбекті жақын танымайтынын айтып, мән-жайды түсіндірді: оның айтуынша, былтыр көктемгі демалыс кезінде оның екі баласы әкесі Қуандық Бишімбаевтың үйіне қонаққа кеткен. Ал 21 наурызда таңертең қызынан хабарламалар келген.

"2023 жылғы 21 наурызда мен балама жасалған шабуылға байланысты полиция шақырдым. Шабуыл туралы мәлімдеме болды және бүкіл отряд (полиция - ред. ескертпесі) оқиғаның барлық мән-жайын анықтады. Балалар аман-есен, бірақ қатты қорқып қалған.

Бірақ осы аптада олар бір жыл болған құжатты пайдаланып, арсыз түрде, шімірікпестен, қорлай отырып, мені және менің кішкентай қызымды қаралады. Мұны марқұм Салтанаттың ағасының беделін түсіру үшін істеді деп ойлаймын. Оның үстіне олар менің сөзімді емес, бастығына рапорт жазған адамның сөзін келтірген", - делінген жазбада.

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі желіде жарияланған жазбада белсенді қай оқиғаны меңгезенін айтып берді. Оның айтуынша, 21 наурыз түнде үйде Қуандық та, Салтанат та болмаған, балалар ұйықтап жатқан, сол кезде марқұмның ағасы Айтбек келген. Есікті қызы ашқан.

Қызының сөзінше, Салтанаттың ағасы оны жұлқып қалған, содан кейін екеуі пәтерден Бишімбаев пен әйелін іздеуге кіріскен. Сол кезде Айтбек қызға әкесі оның әпкесін ұрып-соққанын айтқан.

Біраз уақыттан кейін үйге Қуандық келген. Қыздың айтуынша, Айтбек екеуінің арасында төбелес шығып, қорқып қалған балалар сол кезде шкафқа тығылуға мәжбүр болған.

Назым келесі күні балаларының басынан өткен оқиғадан шошып, полицияға хабарласқанын айтты. Бұл ретте ол балалардан жауап алынып, тексеру жүргізілгенін атап өтті, қызында ешқандай жарақат болмаған.

Салтанат Нүкенованың өлімі

9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің дене жарақатынан қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев күдікті екені белгілі болды.

Бишімбаевтың екінші әйелі Салтанат Нүкенова қаза тапқан болып шықты.

Сондай-ақ Салтанат Нүкенова Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Нүкеновтің жиені екені белгілі болды.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Нүкенова қайтыс болған "Гастро-орталық" директоры да қамауға алынды. Ол қылмысты жасырды деген күдікке ілінді.

Кейін полицейлер кісі өлтіру оқиғасы болған мейрамхананың бақылау камерасының бейнежазбаларын тәркіледі. Салтанаттың туыстары Қуандық Бишімбаевтың бауырын да жауапқа тартуды талап етті.

Қайғылы оқиға жайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірді. Ол Нүкенованың өліміне қатысты істі ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Ал ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев жас келіншек нақты қашан қайтыс болғаны медициналық сараптама қорытындысынан кейін анықталатынын айтты.

Желтоқсан айының аяғында бұл іс туралы Қуандық Бишімбаевтың әкесі, Мәжілістің бұрынғы депутаты Уәлихан Бишімбаев айтты.

"Ұлым өз ісіне сәйкес әділ жазасын алуы керек. Мен әке ретінде ұлым үшін қатты уайымдаймын, бірақ оны ақтамаймын. Мен биліктен көмек сұрап барған емеспін және бармаймын да", - деді ол.

Кейін Қуандық Бишімбаеваның бұрынғы әйелі Назым пікір білдірді.

Зардап шеккен тараптың адвокаттары Салтанаттың туыстарының сөзіне сілтеме жасап, тараптар татуласуы мүмкін емес деп мәлімдеді.

Бұған дейін марқұмның ағасы Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот ашық өтуін талап етіп отырғанын, өйткені марқұмның отбасы Бишімбаевтар отбасының сот процесіне ықпалынан қауіптенетінін айтқан.

Қаңтар айының басында Бишімбаев ісі бойынша тергеу аяқталғаны белгілі болды.

ІІМ тергеу қандай баптар бойынша жүргізілгенін де атады: бұрынғы ұлттық экономика министрі екі бап бойынша, кісі өлтіру және азаптау, ал бауыры қылмысты жасырды деп айыпталып отыр.

Бишімбаев ісі бойынша алдын ала сот отырысы 11 наурызға тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064116-qyzym-ekeumizdi-qaralady-bisimbaevtyn-buryngy-aieli-facebook-zelisindegi-zazbaga-zauap-berdi/

pixel