Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев ісі: Лепеха қандай баптар бойынша іс қозғалғанын айтты

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Көрнекі фото: primeminister.kz

Мәжілісте ІІМ басшысының орынбасары Игорь Лепеха Қуандық Бишімбаев пен оның бауырына қатысты қандай баптар бойынша іс қозғалғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бишімбаевтың ісі танысуға жіберіледі. Екі бап бойынша. Оған қатысты (Бишімбаевтың бауыры - ред. ескертпесі) да іс қозғалды. Бишімбаев бойынша - кісі өлтіру, азаптау. (Ағасына қатысты-шамамен. ред.) - қылмысты жасыру", - деді Лепеха.

Ол істің басқа мәліметтерін айтудан бас тартты. Сот процесі ашық бола ма, жоқ па деген сұраққа ІІМ басшысының орынбасары бұл соттың өзінде шешілетінін айтты.

Кеше, 16 қаңтарда Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы бір айып тағылғаны хабарланған.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша 12 сараптама тағайындалған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

2024 жылғы 14 қаңтарда Астана соты Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімін 9 наурызға дейін ұзартқаны мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055942-bisimbaev-isi-lepexa-qandai-baptar-boiynsa-is-qozgalganyn-aitty/

pixel