Сейсмолог алматылықтарды сағат төртке дейін қауіпсіз жерде болуға шақырды (видео)
Жарияланған күні:
Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев күшті жер сілкінісінен кейін афтершок болуы мүмкін екенін айтып, әзірге алматықтарды қауіпсіз жерде отыра тұруға шақырды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Құрметті алматылықтар, сағат 11:22-де Алматыда жер сілкінді. Афтершоктар болуы мүмкін. Бірақ олардың қуаттылығы әлсіз сезіледі. Сабыр сақтап, халықты жинау бекеттерінде 16:00-ге дейін болуларыңызды сұраймыз. Сейсмикалық жағдайды бақылау комиссиясының қорытындысын міндетті түрде қосымша хабарлаймыз", - деді Сәрсенбаев.
Айта кетейік, Алматыда бүгін, 4 наурызда сағат 11:22 де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды.
ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.
Жерасты дүмпуінен кейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты видеоүндеу жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты.
Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істейтіні хабарланды.
Бұған дейін Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев та Алматыдағы қатты жер сілкінісінен кейін афтершок болуы мүмкін екенін ескерткен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064344-4-ke-deiin-qauipsiz-zerde-bolynyz-seismolog-malimdeme-zasady-video/