Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Самат Әбіштің үкіміне қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Самат Әбіш
Самат Әбіш. Фото: ҰҚК-нің ресми сайты

Ішкі істер министрі Самат Әбішке шыққан үкімге қатысты пікір білдіріп, қазір оның пробациялық бақылауда екенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Үкімге қатысты сұрақты судьяларға қою керек. Бұл азамат қазір пробациялық бақылауда. Тәртіпке сәйкес, оның ешқайда шығуға құқығы жоқ және тұрғылықты жерінде болуы керек", – деді Сәденов.

Айта кетейік, мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Facebook парақшасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш шартты түрде сотталғанын жазды.

"26 ақпан күні Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталды", – деп жазба қалдырды мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Facebook парақшасында DAT газетінің скриншотын қоса беріп.

Самат Әбіш ісі

Еске салайық, 2022 жылдың 17 қаңтарында Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

2023 жылдың қыркүйегінде Бас прокуратура ведомствоның арнайы прокурорлары ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты "қаңтар оқиғалары" кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған еді.

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай Самат Әбіш Қазақстанда екенін, ол ешқайда кетпеу туралы қолхат бергенін мәлімдеген болатын. Кейін бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев мәжілісте сөйлеген сөзінде Самат Әбіш қашып кетуі мүмкін деген қауіпті жоққа шығарған.

2024 жылғы 15 қаңтарда Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2071365-iski-ister-ministri-erzan-sadenov-samat-abistin-ukimine-qatysty-pikir-bildirdi/