Жамбыл облысында мектеп оқушысы көз жұмды: кәмелет жасқа толмаған күдікті қамауға алынды
Жарияланған күні:
Жамбыл облысында мектеп оқушысы көз жұмды. Оқушының өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция мәліметіне сүйенсек, күдікті – кәмелетке толмаған бала. Ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған.
"Сондай-ақ мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбедегі спорт мектебінің оқушысы қайтыс болғанын хабарлаған едік. Оқушының әкесі БАҚ-қа сұқбат беріп, ұлы әлімжеттіктің құрбаны болғанын мәлімдеді. Облыстық ПД өкілдері Ақтөбеде олимпиадалық резерв мектеп-колледжіндегі оқушы өлімі үш қылмыстық іс бойынша тергеліп жатқанын мәлім етті.
Сондай-ақ Түркістан облысында полиция желідегі оқушыны қатігездікпен ұрып-соққандардың видеосына қатысты тексеріс жүргізіп, Сарыағаш ауданында бұзақылық жайт бойынша қылмыстық іс қозғады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2094464-zhambyl-oblysynda-mektep-oqushysy-koz-zhumdy-kamelet-zhasqa-tolmagan-kudikti-qamauga-alyndy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.