Алматыда құтқарушылар шаршап қалған туристерді таудан түсірді
Жарияланған күні:
Алматыда жас туристер құтқарылды. Олар шаршап қалғандықтан, таудан өздігінен түсе алмаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Бостандық ауданы Үлкен Алматы шатқалында 20-25 жас аралығындағы үш адамнан тұратын топ құтқарылды. "Советов" шыңынан түсу кезінде туристтер шаршап өздігінен түсе алмаған.
РЖҚЖ құтқарушылары туристерді таудан төменге түсіріп, ата-аналарына аман-есен тапсырды. Жастарға медициналық көмек қажет болмады.
Айта кетейік, Жетісу облысында қайықтағы үш адам құтқарылды.
Сондай-ақ Жетісу облысында жел ұшырып кеткен үш турист құтқарылғанын жазған едік.
Маусым айының аяғында ТЖМ құтқарушылары Алматы тауларында жеті жасөспірімді құтқарған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2151331-almatyda-qutqarushylar-sharshap-qalgan-turisterdi-taudan-tusirdi/