jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Шемонаиха қаласындағы жарылыстан зардап шеккен екі адам ауруханада көз жұмды

    Электрокардиограмма көрсеткіштері
    Электрокардиограмма көрсеткіштері. Көрнекі фото: pixabay.com

    ШҚО-ның Шемонаиха қаласында газ баллонын толтыру станциясында болған жарылыстан зардап шеккен екі адам ауруханада көз жұмды. Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық реанимациялық шараға қарамастан, екі ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған.

    "Олардың денесінің 98 пайызын күйік шалған, жағдайлары өте ауыр болды. Дәрігерлер тәулік бойы олардың өмірі үшін күресті, қолдан келгеннің бәрін жасады, басқарма басшылығы да тікелей сол жерде болды. Әр сағат сайын телемедициналық жүйе арқылы зардап шеккендердің жағдайы туралы облыстық және республикалық дәрігерлермен кеңес өткізілді", - дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әсем Сексенова.

    Оның ақпаратынша, зардап шеккендер оқиғадан кейін 48 сағаттан соң қайтыс болған.

    ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы 22 маусымдағы жарылыс кезінде зардап шеккен тағы екі науқас ауруханада ем қабылдап, олардың сауығып келе жатқанын атап өтті.

    "Олардың жағдайы да тұрақты бақылауда, сағат сайынғы телемедициналық кеңестер жалғасуда", - дейді ол.

    Айта кетейік, 22 маусымда ШҚО-дағы Шемонаиха қаласында газ баллонын толтыру станциясында жарылыс болып, салдарынан өрт шығып, күйік шалған екі адам ауруханаға жеткізілген болатын.

    Кейін ШҚО денсаулық сақтау басқармасы Шемонаиха аудандық ауруханасына төтенше жағдайдан зардап шеккен тағы екі адамның жеткізілгенін хабарлаған еді.

    Шемонаиха қаласындағы жарылыстан зардап шеккен екі адам ауруханада көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.