jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматылық косметологтың өлімі: Сотталғандар судьяның қатесін тауып, істі кері қайтарғызған

    : Instagram

    Алматы қаласында қатігездікпен өлтірілген Батура Мамедованың ісіне қатысты сот отырысы қайта басталды. Аталған іс бойынша өткен жылы үкім шығып, күдікке ілінген ерлі-зайыптылар ұзақ мерзімге темір торға тоғытылған болатын. Алайда сотталушылар судьяның жіберген қатесін тауып, істі кері қайтарғызған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

    Видеодан кадр/КТК телеарнасы
    Видеодан кадр/КТК телеарнасы: Instagram

    Судья Мұхитдин Тоқтахунов соттың қайта басталу себебін түсіндіріп берді.

    "Сот мәжілісінде жәбірленуші жақ "біз қазақша түсінбейміз" дегендіктен, осы істі қараған судья орысша жүргізген. Бірақ сотталушыларға аудармашы қатыстырылған. Енді "істің тілі бұзылды" деп отыр", - дейді ол.
    Видеодан кадр/КТК телеарнасы
    Видеодан кадр/КТК телеарнасы: Instagram

    Телеарна мәліметінше, аталған іс о бастан қазақша қаралу керек болған. Алайда жәбірлену тарап қазақ тілін түсінбегендіктен, процесс басынан аяғына дейін орыс тілінде өтіпті.

    Үкім шыққаннан кейін, сотталушылар құқығының бұзылғанын айтыпты. Олар орысша түсінбейтіндерін басында ескерткен екен.

    Яғни, судья сотталғандардың құқығына атүсті қараған болып шыққан. Енді осының салдарынан үш айға созылып, 2019 жылы қарашада үкім шыққан іс қайта қарала бастаған. Осы уақыт аралығында 11 рет сот отырысы өткен.

    Видеодан кадр/КТК телеарнасы
    Видеодан кадр/КТК телеарнасы: Instagram

    Дереккөз: КТК телеарнасы

    Еске сала кетсек, Алматы облысында із-түссіз жоғалған сұлулық салонының қызметкері Батура Мамедованың денесі үш аптадан соң көрші ауданнан табылған еді.

    Кейін күдікті ретінде азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар ұсталған болатын.

    Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, косметолог келіншекті өлтіргендерге өткен жылы қараша айында сот үкімі шыққан.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Алматылық косметологтың өлімі: Сотталғандар судьяның қатесін тауып, істі кері қайтарғызған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.