jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Өгей балаларын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

    Зорлаған
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Душанбе қалалық соты кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты жыныстық зорлық жасады деп айыпталған азамат Тургун Исановқа қатысты үкім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Азия-Плюске сілтеме жасап.

    Тургун Исанов 2016 жылы тамызда Зарриной Соева есімді азаматшамен мұсылмандық некеге тұрған. Белгілі болғандай, әйелдің бұрынғы күйеуінен 2008 және 2011 жылы туған балалары бар.

    "2018 жылы Душанбедегі жалдамалы пәтерде Исанов әйелінің жоқтығын пайдаланып, өзінің 10 жасар өгей қызын жыныстық жақындыққа итермелеген. Ол қызға қатысты дәл осындай әрекеттерді 2019 жылдың қараша айында, әйелімен бірге Рохарв Ванджск ауданында тұрып жатқан кезде қайталапты. Сондай-ақ, ер адам баланы қорқытып келген", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

    2020 жылы мамыр айында Исанов Душанбедегі пәтерде тағы да әйелі Соеваның жоқтығын пайдаланып, өзінің 9 жасар өгей ұлын жыныстық қатынасқа итермелеген.

    Тургун Исановқа қатысты Тәжікстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 138 (Зорлау) және 139 (зорлық-зомбылық сипаттағы жыныстық қатынас) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Душанбе қалалық сотының шешімімен Тургун Исанов өмір бойына бас бостандығынан айырылып, ерекше режимдегі колонияда жазасын өтейді.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 11 жастағы қыз баланың жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын жазған едік. Оны өгей әкесі мен немере ағасы қорлаған. Бұл сұмдық алты айдан астам уақытқа созылған.

    Сонымен қатар, Оралда белгісіз азаматтың алты жасар қызды ойын алаңынан алып кетпек болғанын жазған болатынбыз.

    Өгей балаларын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.