jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кеткен шенеунік туралы дерек жария болды

    Әуежай
    Көрнекі фото: Andrés Gutiérrez/picture alliance via Getty Images

    Өткен аптада Нұр-Сұлтан әуежайынан ПТР тест тапсырмай елге келген ерлі-зайыптылар қашып кеткен болатын. Бүгін ер адамның мемлекеттік қызметкер екендігі және ИИДМ-де жұмыс істейтіндігі расталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әуежайдан қашып кеткен шенеунік былтырдан бері ведомствода сарапшы болып жұмыс істейді.

    "Қызметкерге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша тәртіптік жаза қолданылады", – деп хабарлады министрлік.

    Еске салсақ, бұған дейін Мысырдан келген екі қазақстандықтың Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кеткенін хабарланған болатын. Азаматтарда ПТР анықтама болмағандықтан, олар коронавирус бар-жоғын анықтайтын тест тапсыруы керек еді.

    Алайда ер адам мен келіншек арнайы автобусқа отырғызу басталған кезде әуежайдан қашып кеткен.

    Кейінірек Байғабылов толығырақ мәлімет берді. Полиция қашқындардың қайда екенін анықтаған. Ерлі-зайыптылар карантин станционарына жеткізіліп, оларға айыппұл салынған.

    Көліктегі бас санитардың ақпаратынша, әуежайдан қашқан ер адам Қазақстанның ИИДМ қызметкері болып шыққан. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

    Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлауынша, қазір ішкі тергеу басталған. Мамандар ер адамның кім екенін, оның расымен де министрлікте жұмыс істейтін-істемейтінін анықтап жатыр. Ер адам жұмыс орнына жалған ақпарат беруі немесе министрліктің бұрынғы қызметкері болуы да мүмкін екені айтылды.

    Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кеткен шенеунік туралы дерек жария болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.