jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда заңсыз салынған тағы бір тұрғын үй кешені сүрілмек

    Құрылысы аяқталмаған тұрғын үй кешені
    Құрылысы аяқталмаған тұрғын үй кешені. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Сот Алматы қаласының Наурызбай ауданында заңсыз салынған тұрғын үй кешенін сүру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы "ЖК Qadam" ЖШС нысанына тексеру жүргізіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заң бұзушылықты анықтаған.

    "4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз басталған", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

    Әкімдіктің мәліметінше, тексеру қорытындысы бойынша ЖШС-ға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған. Осыдан кейін билік өкілдері заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз берген.

    "Нәтижесінде сот шешімімен заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап қанағаттандырылды. Қазір шешімнің заңды күшіне енгенін күтіп отырмыз", – деп толықтырды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Әкімдік жылжымайтын мүлік сатып алмас бұрын тұрғындар салынып жатқан үй туралы ақпаратты тексеріп, жедел желі арқылы құжаттардың түгел екеніне көз жеткізе алатынын еске салды. Ол үшін мына байланыс нөміріне хабарласу керек:+7 (727) 229-81-36.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматының Наурызбай ауданындағы заңсыз салынған "Жайсан" тұрғын үй кешені сүрілетінін жазған едік.

    Кейінірек сот тау бөктерінде салынып жатқан Pine Hills элиталық тұрғын үй кешенінің бір қабатын сүру туралы шешім қабылданғаны белгілі болды.

    Алматыда заңсыз салынған тағы бір тұрғын үй кешені сүрілмек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.