jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Атырауда жеке тұрғын үй ауласындағы дүкенде әйелді өлтіріп кетті: күдікті іздестірілуде

    қылмыс орны
    Қылмыс орны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Атырауда дүкенде әйелді өлтіріп кеткен адам іздестіріліп жатыр. Күдікті әлі ұсталған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің басылымға хабарлауынша, қылмыстық оқиға 19 қазанда таңғы сағат 07:45 шамасында болған.

    Полицияның мәліметінше, қаладағы жеке иеліктегі тұрғын үй ауласындағы дүкен ішінде әйелді қылғындырып өлтіріп кеткен.

    "Әйел адам 1963 жылы туған. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі.

    Тәртіп сақшылары кісі өлімі бойынша күдікті әлі ұсталмағанын айтқан.

    Басылым мәліметінше, қазір полиция қызметкерлері адам өлтірген күдіктіні анықтау, ұстау үшін жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп жатыр. Жедел іздестіруге полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылған.

    "Сотқа дейінгі тергеу амалдарын департаменттің жедел тергеу тобы жүргізуді қолға алды. Сот медициналық-сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", - дейді басылымға ПД баспасөз қызметінің өкілі.

    Басылым күдіктінің үйден алтын, әшекей бұйымдарын, ақша мен өзге де заттарды ұрлап кеткені туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарағанын атап өткен.

    Еске сала кетелік, бұған дейін Астанада аяқ киім дүкенінде пышақ жарақатын алған әйел көз жұмғанын хабарлаған едік. Оның өліміне күдік ретінде 32 жастағы ер адам ұсталған.

    Сондай-ақ Екібастұз қаласындағы үйлердің бірінің кіреберісінен кілемге оралған әйелдің денесі табылған болатын. Павлодарлық полицейлер әйел өліміне қатысты күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстаған.

    Атырауда жеке тұрғын үй ауласындағы дүкенде әйелді өлтіріп кетті: күдікті іздестірілуде

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.