jitsu gif
Оқыс оқиға

    Экс-министр Марат Бекетаевтың қамау мерзімі екі айға ұзарды

    Марат Бекетаев
    Марат Бекетаев. Фото: primeminister.kz

    Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың қамау мерзімі екі айға - 2024 жылдың 21 қаңтарына дейін ұзартылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

    "Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартуға санкция шығарды", - деп хабарлады Астана соты.

    Алайда Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге деректер жария етілмейтіні хабарланды.

    Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.

    23 қазанда Антикор ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев екенін растады.

    Кейін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы Марат Бекетаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлады.

    2023 жылғы 29 желтоқсан күні Бекетаевтың қамау мерзімі 2024 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартылғанын жазған едік.

    Марат Бекетаев Әділет министрлігін 2016 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін басқарған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.