jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    Марат Бекетаев
    Марат Бекетаев. Фото: primeminister.kz

    Қазақстанның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстауды тағы бір айға ұзарту туралы сот санкциясы шықты. Бұл туралы Астана қалалық сотының Kazinform ақпарат агенттігі жолдаған ресми сауалына берген жауабында айтылған.

    "2024 жылғы 12 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті Марат Бекетаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 наурызға дейін ұзарту санкцияланды", - делінген сауал жауабында.

    Сондай-ақ Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректердің жария етілмейтіні айтылды.

    Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы әділет министрі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.

    23 қазанда Антикор ұсталған адамның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев екенін растады.

    Кейін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы Марат Бекетаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлады.

    2023 жылғы 29 желтоқсан күні Бекетаевтың қамау мерзімі 2024 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартылғанын жазған едік.

    Марат Бекетаев Әділет министрлігін 2016 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін басқарған болатын.

    Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.