jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Сотта адвокаттар Нүкенова қайтыс болған жерде түсірілген фотосуреттерді көрсетті

    VIP-залдың кіреберісі
    Оқиға орны. Видеодан кадр: youtube.com/@SupcourtRK

    Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша өтіп жатқан сот отырысында іс материалдарынан сурет көрсетілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сот барысында айыптаушы тарап іс материалдарынан фотосуреттер көрсетті. Онда қылмыс орнынан түсірілген кадрлар көрсетілген.

    Қираған есік
    Қираған есік. Видеодан кадр: youtube.com/@SupcourtRK

    Сондай-ақ едендегі қан дақтары, пердедегі қан дақтары және Салтанат Нүкенованың шашының жанындағы қан жұққан майлық бейнеленген фотосуреттер көрсетілді.

    Үстел үстіндегі жұлынған шаш пен қан жұққан майлық
    Үстел үстіндегі жұлынған шаш пен қан жұққан майлық. Видеодан кадр: youtube.com/@SupcourtRK

    Едендегі қан ізі
    Едендегі қан ізі. Видеодан кадр: youtube.com/@SupcourtRK

    Пердедегі қан
    Пердедегі қан. Видеодан кадр: youtube.com/@SupcourtRK

    Сағаттың суреті
    Сағаттың суреті. Видеодан кадр: youtube.com/@SupcourtRK

    Бишімбаев пен Нүкенова
    Бишімбаев пен Нүкенова. Видеодан кадр: youtube.com/@SupcourtRK

    Дене жарақаттары көрсетілген сызба
    Дене жарақаттары көрсетілген сызба: youtube.com/@SupcourtRK

    Еске салсақ, Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысының жалғасы өтіп жатыр. Бишімбаевтың адвокаттары Салтанат соққыға жығылған сәттің монтаждалған видеосын көрсетті.

    Сот отырысы Жоғарғы соттың YouTube-каналында онлайн көрсетілуде.

    Осыған дейін болған сот отырыстарының бірінде алқабилердің бет-жүзі көрсетілген сурет БАҚ-та тарап кеткені белгілі болды. Тыйым талаптарының бұзылғанына байланысты судья БАҚ өкілдерін сот залынан шығаруды бұйырды.

    Сотта марқұм Салтанат Нүкенованың құрбысына жазған хаттары оқылды. Онда Салтанат күйеуі Бишімбаевтан кеткен жағдайда не болатыны туралы жазған.

    Сондай-ақ Нүкенованың көмекшісінен жауап алынды. Анар Тасова марқұмның астрологиядан табысы қандай болғанын айтты.

    Айта кетейік, 27 наурызда Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы басталған болатын.

    Содан бері бірнеше рет өткен сот отырысында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты деректер айтылды. Алайда Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

    Қуандық Бишімбаев ісі

    Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

    Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

    12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды.

    Сотта адвокаттар Нүкенова қайтыс болған жерде түсірілген фотосуреттерді көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.