jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист
    Бақытжан Отарбаева
    Бақытжан Отарбаева
    Бұрынғы қызметкер

    "24 жылдан кейін 68 жасқа келеді": марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы үкім туралы не ойлайтынын айтты

    Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді
    Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді. Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

    Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот үкімі туралы пікір білдірді. Ол сотталушыны 24 жылға бас бостандығынан айыру өзі күткен жаза нұсқаларының бірі болғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Бұл біз күткен нұсқалардың бірі болды. Осы мерзімге тоқтаймыз деп ойлаймыз, өйткені 24 жылдан кейін ол 68-ге келеді. Бұл іс жүзінде өмір бойына бас бостандығынан айырылу деген сөз. Ол жақта сотталғандарды қандай жағдайда ұстайтынын ескерсек, ол бұл жасқа жетпеуі де мүмкін", - деді ол.

    Салтанат Нүкенованың ағасы журналистерге соттан кейінгі көңіл күйі туралы да айтты.

    "Біз өз дегенімізге жеттік, бұған көп күш-жігер жұмсадық. Адвокаттар да – Жанна, Әлия, Дамир, Игорь бәрі бірінші күннен жанымызда. Бұл жұмыс көп уақыт алды. Біз жарты жыл жұмыс істедік", - деді Айтбек Амангелді.

    Еске сала кетейік, бүгін елордада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.

    Ал қылмысты жасырды деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.

    "24 жылдан кейін 68 жасқа келеді": марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы үкім туралы не ойлайтынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.