jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбеде бір отбасын кепілде ұстады деген күдікті екі айға қамауға алынды

    Күдіктіні қамау сәті
    Күдіктіні қамау сәті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бірнеше күн бұрын ақтөбелік әйелді және оның ата-анасын кепілде ұстады деген күдікті ер адам екі айға қамауға алынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақтөбе облыстық сотына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, күдіктіні қамауға алу туралы санкция шығарылды. Хабарламада ер адам екі айға қамалатыны айтылған.

    Еске сала кетсек, 13 қаңтардан 14-іне қараған түні әлеуметтік желіде белгісіз біреу Ақтөбедегі үйлердің біріне кіріп, бойжеткенді кепілге алғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейін полиция өкілдері бұл ақпаратты растап, 13 қаңтарда кешкі сағат 20:00 шамасында жедел басқару орталығына адамдарды кепілге алу фактісі бойынша хабарлама түскенін мәлімдеді. Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылған.

    Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталған. Кейін кепілде болған адамдардың бірі ауруханаға тасымалдау кезінде, екінші адам операция үстелінде қайтыс болғаны белгілі болды.

    Ақтөбе облыстық полиция департаменті "Адам өлтіру" және "Адамды кепілге алу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    Ал 16 қаңтарда кепілге алынып, бірнеше сағат бойы пышақ жарақатымен жертөледе қамалған ерлі-зайыпты жерленді.

    Ақтөбеде бір отбасын кепілде ұстады деген күдікті екі айға қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.