jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Атыраулық ерлі-зайыптының өлімі: күдіктілер Индонезиядан қашан экстрадицияланады

    Күдіктілер
    Күдікті мен оның бұрынғы әйелі. Фото: Telegram / POLICE_of_KZ

    Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов сенат кулуарында атыраулық ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктілер осы айда экстрадицияланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Біз бұл туралы мәлімет бергенбіз. Жуық арада екі күдікті Индонезиядан Қазақстанға жеткізіледі. Осы мәселе бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Оларды осы айда жеткіземіз, ал сіздерге қосымша ақпарат беріледі.

    Іздеуде жүрген осы екі адамға қатысты тиісті шаралар қабылдап жатырмыз. Атырау облысында арнайы тергеу тобы құрылып, жұмыс істеп жатыр", - деді Cанжар Әділов.

    Журналистің жоғалып кеткен отбасының тағы екі мүшесін іздеу жұмыстары неге нәтиже бермей жатқаны туралы сұрағына Ішкі істер министрінің орынбасары бұл іспен Атырау облысында арнайы тергеу тобы айналысып жатқанын айтты.

    Атырау облысындағы отбасының жоғалуы

    Еске сала кетейік, қаңтардың басында Атырау облысында бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені белгілі болды. Жоғалған адамдар тізімінде ерлі-зайыпты зейнеткерлер мен олардың екі үлкен баласы болды.

    Облыстық полиция департаменті жариялаған бағыттамаға сәйкес, Қарабалин Мақсот Мұқанғалиұлына, Өтешқалиева Нәсіп Бақытқызына, Қарабалина Мирамгүл Мақсотқызына, Мұқанғалиев Наурыз Мақсотұлына іздеу салынды.

    6 қаңтарда Атырау облыстық ПД ерлі-зайыпты өлі табылғанын, олардың ұл мен қызы әлі іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

    Кейінірек Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке (қаза тапқан ерлі-зайыптының күйеу баласы) қатысты бағдар жарияланды. Сондай-ақ күдіктік мен оның әйеліне халықаралық іздеу жарияланды.

    Бұдан бөлек, полиция жоғалған отбасыға қатысты іс бойынша жаңа деректерді бөлісіп, марқұм зейнеткерлердің денесінде пышақ іздері бар екенін мәлім етті.

    24 ақпанда Қазақстан ІІМ Атырау облысындағы екі адамды өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстағанын мәлімдеді.

    Кейін қаза тапқан зейнеткерлердің қызы да күдікке ілінгені белгілі болды. Ол да Индонезияда ұсталған.

    Кейін олардың ұсталған сәтінен видео да жарияланды.

    Атыраулық ерлі-зайыптының өлімі: күдіктілер Индонезиядан қашан экстрадицияланады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.